Алтынбел ауылында жағдай тұрақталды (видео)
Үлкен Нарын ауданына қарасты Алтынбел ауылында жеке тұрғын үйлердің аулаларына кірген қар суы толықтай мотопомпа арқылы сорылды.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметовтың айтуынша, жағдай қазір тұрақты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Қазір тұрғын үйлердің аумағына су жайылып кетпеуі үшін инертті материалмен арықтың маңайын бөгет жасау шаралары жүргізіліп жатыр. Кеше ауылда 10 үйге су кірген болатын. Жұмылдырылған күштің нәтижесінде, су шығарылды. Жағдай толықтай бақылауда, - деді Елдос Байрахметов.
Оқи отырыңыз