Ертісте су деңгейі күрт көтерілді. Қай елді мекендерге қауіп төніп тұр?
Фото: Telegram
Ертісте су деңгейі күрт көтеріліп, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Ертіс өзенінің су деңгейі - 457 см.
Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, Семейдегі Бейбітшілік аралынан 11 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ эвакуацияланған адамдар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Мамандар әр 2 сағат сайын су деңгейін өлшеуге мониторинг жүргізеді.
Оқи отырыңыз