KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Күршім ауданында бірнеше ауыл қауіпті аймақта тұр

20.02.2024, 18:15 260

«Қазгидромет» РМК мамандары наурыздың алғашқы онкүндігінде елдің  солтүстік, орталық және шығыс аумағында ауа температурасы  күндіз 2-7°C көрсетіп, жылымық сезілетінін айтып отыр.

Күршім ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы Данияр Әділбековтың айтуынша, қазіргі күні ауданда тасқынға қарсы материалдық қажеттіліктер қоры жасақталған.  8,5 тонна жанар-жағар май қоры, 5000 дана қап, шаруашылықтардың техникаларымен қосқанда 139 бірлік техника даярланған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ауданда су басу қаупі жоғары бірнеше ауыл белгіленіп отыр: Күршім, Маралды, Бурабай, Марқакөл, Боран, Қалжыр  ауылдары. Күн жылынған кезде Қара Ертіс, Күршім өзендерінің мұзын жару жұмыстары бастамақ.

«Сақтықта қорлық жоқ» демекші, мамандар қауіп-қатер кезінде алдын ала жіберілетін гидрометео қызметінің хабарламаларына және ТЖ  органдарының ақпараттарына мұқият назар аудару  қажеттігін айтады.

 

Жанаргүл Мұқатай

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу