KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

ШҚО-да жыл басынан бері 12 адамның ажалы тілсіз жаудан келді

ШҚО ТЖД

31.03.2024, 21:00 142 Назерке Каримова

Оқыс оқиғалардың жартысында қаза болған адамдар мас күйде болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

Облыста жалпы жыл басынан бері жер үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы салдарынан 121 рет өрт шыққан. Көбіне себеп тұрғындардың қауіпсіздік шараларына немқұрайлық танытуы.

- Өрттердің 42%-ы пешті жылыту кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан, ал 31%-ы электр аспаптары мен электр жабдықтарын монтаждау және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан болды. Соңғы оқиға 28 наурызда Жаңа Бұқтырма кентіндегі 5-қабаттағы пәтерде тіркелген. Оқиға орнынан 46 жастағы пәтер иесінің денесі табылды. Келген өрт сөндірушілер түтін аймағынан 14 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.


ШҚО ТЖД мамандары оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында үнемі үй-үйді аралап, рейдтер жүргізеді.

- Тұрғын үй секторына рейдтер жүргізу кезінде біздің мамандар үнемі бұзушылықтарды анықтайды, - дейді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов. - Олардың ішінде көбінесе түтін мұржаларын уақтылы тазаламау, пештер мен электр сымдарындағы ақау, электр құралдарын қолдан жасап пайдалану сынды жағдайлар кездеседі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу