Бобровка ауылындағы жер үйлердің бірінде өрт шықты
ШҚО ТЖД
Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан құрылыс нысаны жанып кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- 23 наурызда Глубокое ауданының, Бобровка ауылындағы Заречная көшесінде жеке тұрғын үйдің аумағында шаруашылық үй-жайында өрт шықты, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД. – Оқиға орнына ШҚО ТЖД жеке құрамының 11 адамы және 2 техника жіберіліп, 50 ш.м. алаңдағы от сөндірілді.
Анықталғандай оқыс оқиғаға электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған.
Оқи отырыңыз