KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Шемонаихалықтар «Бастау Бизнестің» игілігін көруде

Фото: RG media

2.04.2024, 11:16 128 Нұржан Кенжеұлы

Шемонаиха ауданының әкімдігінен хабарлағандай, ағымдағы жылы өңірде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес, бес адам оқудан өткен.

Аудан әкімінің орынбасары Данияр Уахитов шекаралық аймақта өз ісін бастаймын дегендерге барлық жағдай жасалып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– 2024 жылы өз ісін ашуға не кеңейтуге бел буған жерлестерімізге сомасы 400 айлық есептік көрсеткішке (1 476 800 теңге) дейін жететін тоғыз грант бөлініп отыр. Сәуір айында шағын несие алуға қатысты өтінімдерді қабылдау басталады. Жастар санаты бойынша алты адам несие алады, – деген Д.Уахитов ауданда халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған жұмыстар да назардан тыс қалмағанын жеткізді.

Әкімнің орынбасары мәлім еткендей, ауданда 40 тұрақты жұмыс орны құрылған, 126 адам бос жұмыс орындарына орналастырылып, 84 азамат қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберілген. Жұмыс күші артық өңірлерден үш отбасы көшіріліп, үш қандас отбасы ауданға қоныс аударған.

Сол сияқты, өткен жылы ауданға дәрігерлік кадрлардың тапшылығын жою және медициналық мекемелер желісін нығайту мақсатында жеті дәрігер мен үш орта буын медицина маманы тартылғаны белгілі болды. Төрт маманға тұрғын үй беріліп, біреуіне көтерме жәрдемақы төленген. Ал ағымдағы жылы Волчанка ауылында медициналық пункт салу жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу