Риддер қаласына 50 отбасы қоныс аударды
Риддер қаласында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
2019 жылы осы бағдарлама бойынша 106 адам қалаға қажетті мамандықтар бойынша оқуға жіберілді.
Өз кәсібін ашуға ниетті 22 адам өтініші білдірген, оның 21-і несиеге жолдама алды.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 85 адам арнайы оқудан өтті. 26 адам мемлекеттік грант алып, тағы 39 адам конкурс нәтижелерін күтіп отыр. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 30 адам оқуға жіберіліп, 9 адам мемлекеттік грант алды.
Сонымен қатар, қалада 21 әлеуметтік жұмыс орны құрылып, жастар практикасынан өту үшін 24 жас маман жіберілген екен. Республиканың жұмыс күші мол өңірлерінен Риддер қаласына 50 отбасы (136 адам) қоныс аударды.