Ақмектеп - Боғас арасындағы жолға биыл асфальттің екінші қабаты төселеді
t.me/AMANATPartiyasy
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Ұлықбек Тумашинов су тасқынының алдын алу жұмысымен танысу мақсатында Тарбағатай ауданына барды, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.
Аталған аудандағы облыстық маңызы бар Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар тас жолының 43-44 шақырымын су тасқыны шайып кетуінен қорғау және қарғын судың Қарасу, Бәкей елді мекендеріне қарай жайылып кетуінің алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, мәжілісмендер өңірдегі республикалық маңызы бар тас жолдарды жөндеу жұмысына назар аударып, Қытайдың «Синь-синь» компаниясы өкілдерімен кездесті. Депутаттар жөндеу жұмысын жылдамдату керек екенін, бірнеше аудан тұрғындары жол азабын тартып отырғанын жеткізді.
Ал Қытай компаниясының өкілдері қаржыландыру мәселесіне қатысты ешқандай кедергі жоқ екенін, жұмыс уақытылы аяқталатынын айтты.