KZ
Өскемен
-4°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
495.28 538.32 5.77

56 мектептің оқушысы тыйым салынған сайттарға кіре алған – ШҚО

Фото: amazonaws.com

16.04.2024, 11:08 181 Ержан Әбіш

ШҚО-дағы 56 мектептің оқушылары тыйым салынған сайттарға білім ордасының интернеті арқылы емін-еркін кіріп жүрген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір прокурорлары жүргізген тексеру нәтижесінде 56 мектептегі 15 мыңнан астам оқушыға тыйым салынған интернет-контенттің қолжетімді болғаны анықталды.

Нақты айтқанда, Өскеменнің 7 мектебінде сабақ барысында порнографиялық сипаттағы сюжеттер қаралған. Ал Шемонаиха ауданындағы 8 мектепте балалар букмекерлік кеңселердің сайттарына кірген.

Балалардың интернетке қолжетімділігін шектейтін бағдарламаның жоқтығы салдарынан осындай фактілер Риддер қаласында (15 мектеп), Алтай (6 мектеп), Самар (19 мектеп), Ұлан аудандарында (1 мектеп) тіркелді.

– Заңбұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы барлық мектепке тиісті бағдарламаларды орнату және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде мәселе көтерді. Қадағалау актісі облыстың білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жіберілді, – деп хабарлайды ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу