Жазатайым оқиғалар тау-кен металлургия саласында жиі болады – ШҚО
Фото: static.tildacdn.com
ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардың ең көбі тау-кен металлургия саласында болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өткен жылы Өскеменде 46, Алтай ауданында 20, Глубокое ауданында 11, Шемонаиха ауданында 10, Риддер қаласында 10, Зайсан ауданында 7, Ұлан ауданында 4, Самар ауданында 3, Катонқарағай ауданында 3 жазатайым оқиға тіркелген.
Зардап шеккендердің ең көбі тау-кен металлургия өнеркәсібінде – 29 адам, бюджеттік ұйымдарда – 23 адам, ауыл шаруашылығында – 12 адам, құрылыста – 11 адам, шағын бизнес ұйымдарында – 9 адам, автокөлік кәсіпорындарында – 7 адам.
Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – жұмыс процесін дұрыс ұйымдастырмау және зардап шеккендердің абайсыздығы.