Өңір өндірісінде жазатайым оқиға азайып келеді
Фото: Inbusiness.kz
Облыс әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін үшжақты комиссияның отырысы болды. Жиында ШҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов өндірістегі жазатайым оқиғалар саны азайып келеді деген дерек келтірді.
Мәселен, жыл басынан бері 66 жұмысшы өндірісте жарақат алған. Бұл өткен жылы осы кезеңде болған көрсеткіштен 30,5 пайызға төмен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта өндірісте қаза тапқан адам – бесеу. Былтырғыдан 37,5 пайызға аз.
Сала бойынша саралайтын болсақ, ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешеніндегі қызметкерлер – 20 адам. Бюджеттік ұйымдарда – 17, құрылыс саласында – 7 адам.
Комиссия отырысына төрағалық еткен облыс әкімі Ермек Көшербаевтың өңірдің бас мемлекеттік еңбек инспекторына, қала және аудан әкімдеріне, өзге де жауапты тұлғаларға аталған фактілерді ескере отырып, алда жұмыстарды бағамдауды тапсырды.