ШҚУ Қытай компаниясымен бірге тау-кен өндіру мамандарын даярламақ
С. Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі
С. Аманжолов атындағы ШҚУ делегациясы HAIER HAITECH компаниясымен ынтымақтастық туралы шарт жасасу мақсатында ҚХР-ға арнайы барды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сонымен қатар, тараптар университет базасында «Smart library» және «AI Smart classroom» жобаларын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Тиісті жұмыстар осы жылдың шілдесінде басталады.
HAIER HAITECH компаниясы - әлемдегі төртінші ірі тұрмыстық техника өндірушісі. Компания «Сапа көшбасшысы» құрметті атағына ие. Ал 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында тұрмыстық техниканың ресми демеушісі болған ірі ұйым. Соңғы он жыл ішінде HAIER HAITECH білім беру, денсаулық сақтау, тау-кен өнеркәсібі үшін жасанды интеллект негізінде жабдықтар өндірумен айналысып келеді. Сондай-ақ, «Smart City», «Smart Home», «Қауіпсіз қала», «Дөңгелекті үй» жобаларын іске асырады.