KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, З
524.66 550.21 5.09

Лу Бань шеберханасында жаңа буын инженерлері даярланады

26.02.2024, 11:30 237

Еліміздегі алғашқы автомобиль көлігі шеберханасы өткен жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, жобаны Қазақстан мен Қытай көшбасшылары – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Орталық Азия» саммитінде бастаған болатын.

Осылайша. екі жоғары оқу орнының ғалымдары мен мамандары ғылыми-техникалық қана емес, сонымен қатар өндірістік алаңды да құрды.

Лу Бань шеберханасы екі сектордан тұрады: жанармай, гибридті автомобильдер мен электромобильдер зертханасы және автомобильдердің SMART технологиясы секторы.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде мұнда 600 студент оқиды.

Бірінші зертханада олар электр және гибридті көліктерге техникалық қызмет көрсету, диагностикалау және жөндеудің жаңа технологияларын игереді.

Smart-технологиялар зертханасында цифрлық құралдармен және жол қозғалысы процесіне IT-технологияларды енгізу бағытында жұмыс істейді. 

Шеберхана автомобиль көлігінің барлық түрлеріне қызмет көрсете алатын техника мамандарын дайындауға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасының ынтымақтастық тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде де тарату көзделіп отыр.

Атап айтқанда, робототехника, өнеркәсіптік инженерия, жасанды интеллект және басқа да маңызды салаларда шеберханалар ашу жоспарлануда.

Татьяна Кравченко

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу