KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
485.11 523.82 5.02

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Президент сұхбаты талқыланды

Көрнекілік сурет: freepik.es

3.01.2024, 12:36 315 Оразай Жеңісұлы

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген сұхбаты талқыланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының ой-пікірімен толық танысып шыққан ЖОО ұжымы «сұхбат атауының өзі қазақ елінің прогрес жолында екенін көрсетеді» деген пікірге тоқтаған.

Мәселен, Президент еліміздің өткен жылдағы жетістіктері мен болашақтағы жоспарларын баяндай келе, халықаралық қатынастар саласындағы бірқатар маңызды мәселеге назар аударады. Түркі мемлекеттерімен ынтымақтастық, «С5+» үлгісіндегі ықпалдастық, қос көрші мемлекет – Ресей және Қытаймен достық қарым-қатынастарды жалғастыру басымдыққа ие бағыттар екенін атап өтті.

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Президент атап айтқан бағыттар бойынша жұмыстарды қазірдің өзінде бастап кеткен. Университетіміз Орта Азия елдерінің Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан университеттерімен келісім-шартқа қол қойған. 2023 жылы Аманжолов университеті Түркі университеттері бірлестігіне мүше болды. Орхун бағдарламасы бойынша студенттеріміз бен оқытушыларымыз Түркие, Әзербайжан университеттерінде тағлымдамадан өтуде. Университет Түркі кеңесіне мүше елдердің кейбір университеттерімен ынтымақтастық орнатқан: Түркие (Зонкулдактағы Бюлент Эджевит университеті, Мармара университеті, Медицина ғылымдары университеті, Муш Алпарслан университеті, Стамбул университеті, Памуккале университеті), Қырғызстан (Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Манас атындағы Қырғыз-Түрік Университеті), Венгрия (Сегед университеті). Біздің университетте Зонкулдактағы Бюлент Эджевит университетінің профессоры Гүл Бану Думан және ғылым магистрі СадуллахДуман түрік тілінен сабақ береді. 19 мамырда біздің университетте Түркия елшілігінің кеңесшісі Абдулмутталиб Четин мырзаның қатысуымен "Ататүрікті, жастар мен спортты еске алу күні"аталып өтті. Түркие университеттерінен жыл сайын профессорлар келіп дәріс оқиды», - деп мәлімдеді С.Аманжолов атындағы ШҚУ өкілдері.

Осы орайда «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті» КЕАҚ Ресей Федерациясының университеттерімен берік ғылыми байланыста екенін айта кеткен жөн. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

  1. оқытушылармен алмасу;
  2. бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  3. тағылымдамадан өту;
  4. бірлескен басылымдар;
  5. бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүргізу;
  6. ғылыми-зерттеу, өндірістік практика жүргізу.

«Әсіресе, IT және цифрландыру, биология және биотехнология, химия, физика және ядролық физика, педагогика және психология, Тарих және лингвистика, география және экология және т. б. бағыттар бойынша табысты ынтымақтасамыз», - дейді мамандар.

Аманжолов университеті Ресейдің елуге жуық университетімен байланыста. Мәселен, өзара тәжірибе алмасу және білім беру сапасын одан әрі жетілдіру мақсатында Ресей Федерациясының Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университеті, Томск Ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті, Алтай мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік университеті, Омбы мемлекеттік университеті, Ф. М. Достоевский, Ресей халықтар достығы университеті, Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті, Сібір федералды университеті, Тюмень мемлекеттік университеті сияқты жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық меморандумынын жасасқан.

«Азия университеттері қауымдастығындағы бірлескен жұмыс тәжірибесі бізге эпизодтық іс-шаралардан тұрақты жобаларға көшу қажет екенін көрсетеді. Мұндай жоба «Үлкен Алтай» түркология және алтаистика ғылыми-білім беру орталығы болды. Бүгінгі таңда орталық үш бағыт бойынша – білім беру, ғылыми және ақпараттық қызметті жүзеге асырады. «Ядролық технологиялар салалары мамандарына білім беру және оларды даярлау» STAR-NET аймақтық желісі арқылы да Ресей ғылымымен байланыстамыз. Біздің ғалымдар Ресей Федерациясының ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Мысалы, 2021 жылы Физика кафедрасының оқытушылары Аманжолов университеті Дубна қаласындағы «ТМД елдерінің жас ғалымдарының тағылымдамадан өтуі үшін ТМД нанотехнологияларының Халықаралық инновациялық орталығында» тәжірибе жинақтап қайтты», - деп мәлімдеді ЖОО.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қытай елінің ғылым саласымен де тығыз байланыс орнатқанын айтуымыз керек. Университет басшылығы қытайлық HAIER HAITECH компаниясымен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық және жобаларды әзірлеу туралы меморандумға қол қойған. HAIER HAITECH компаниясы Smart кітапхана, ақылды аудиториялар, университет базасында R&D орталығы аясында қауіпсіз кампус сияқты жаңа жобаларды іске асыруды ұсынған.

Haier Haitech компаниясы университетпен жасанды интеллектіні әзірлеуге және білім беру саласындағы IT шешімдерді дамытуға, соның ішінде «ақылды» сыныпты, қашықтықтан оқытуды, зияткерлік кітапхананы, қауіпсіз кампусты және жаңартылған кампус желісіндегі білім беру платформалары саласындағы шешімдерді әзірлеуге ниетті.

«Сонымен қатар меморандум жоспарына қытайлық жоғары оқу орындарында студенттер мен ПОҚ-ның ғылыми тағылымдамалары, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу және олардың нәтижелерін өңір кәсіпорындарына енгізу ісі кіреді. R&D орталығының базасында дуалды оқыту шеңберінде кадрлар даярлау, жасанды интеллект саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және студенттердің қосымша микробіліктіліктерге қол жеткізуі жоспарлануда», - дейді Аманжолов университетінің мамандары.

Сондай-ақ ШҚУ сапалы кадрларды даярлау мақсатында белгілі Cisco және Huawei желілік академияларымен ынтымақтастық байланыс орнатуды көздеп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив