ШҚО-да тұралаған елді мекен қайта түлеп келеді
Күршім ауданының Сарыөлең ауылдық округіне қарайтын Бесжылдық халқы күрт азайғандықтан «ауыл» мәртебесінен айырылған болатын. Аталмыш елді мекен енді қайта түлей бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгінде Бесжылдықтың көшесіне асфальт төселген. Балаларға арналған ойын алаңы да салыныпты. Оған қоса, көпбалалы отбасыларға арналған 4 бірдей баспананың құрылысы жүріп жатыр.
Айта кетейік, кемінде елу тұрғыны бар елді мекендерге ғана ауыл статусы беріледі. Ал Бесжылдықта қазірдің өзінде 58 тұрғын бар. Баспана құрылысы аяқталып, көпбалалы отбасылардың игілігіне берілсе, тұрғындар саны әлі де арта түспек.