KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Күршім ауданында шағын футбол алаңы ашылды

17.12.2023, 09:00 157 Назерке Каримова

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Күршім ауданында бірқатар нысандар пайдалануға берілді. 

Мереке күні ауданда халық үшін пайдалы нысандар ашылып, баспана кілті де табыс етілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Атап айтсақ, Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Барақ батыр ауылында шағын футбол алаңы салтанатты түрде ашылды. 

- Еліміздің келешегі – бүгінгі ойын балалары. Сондықтан да біз көп жағдайда олардың талап-тілегімен санасып, сұранысын қанағаттандыруға тиіспіз. Балалар ойнайтын, тіпті ересек адамдардың өзі демалатын алаңдар көптік етпейді. Сондай орындардың бірі балалар ойын алаңы мен воркаут алаңы Тәуелсіздік күні Сарыөлең ауылдық округінің Бесжылдық ауылында қолданысқа берілді, - деп хабарлайды аудан әкімдігі. 


Салауатты өмір салтын сақтауға арналған Street workout қозғалыс құралдары мен шағын футбол алаңдары ауданымыздың бірқатар елді мекендерінде орнатылып, тұрғындардың спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік тудырып отыр. Соның бірі Бірлік ауылындағы воркаут және шағын футбол алаңы Тәуелсіздік күні ашылу салтанаты болып, ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Күршім ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылында жаңа үйдің құрылысы аяқталып, кілті көпбалалы отбасына табысталды.

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы әсіресе елді мекендерде тұрғын үй мәселесін шешуге оңтайлы септігін тигізіп жатыр. Үйлер заманауи технологиямен салынған, барлық қажетті инфраструктурамен жабдықталған. Елді мекен тұрғындарын тұрғын үймен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив