Алматы-Сочи бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады

Фото: elements.envato.com
"Азимут" әуе компаниясы 2023 жылғы 28 маусымнан Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды.
Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ҚР ИИДМ баспаөз қызметінің ақпараты бойынша, жолаушылар рейстерін "Азимут" әуе компаниясы бастайды. Тасымалдау "Sukhoi Superjet-95" типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалатын болады.
"Әуе қатынасының қайта жандануы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Оқи отырыңыз