Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш жолдаманы Шығыстың семсершілері иеленді
Фото: Olympic.kz
Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Франция астанасы Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына бес жолдама жеңіп алды. Бұл дәл қазіргі жағдай. Дүбрлі дода басталғанға дейін тағы бірнеше жолдамаға қол жеткізетін мүмкіндігіміз бар.
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановтың мәлімдеуінше, төртжылдық бәсекесіне қатысуға мүмкіндік беретін лицензиялық жарыстарға қазір жеңілатлеттеріміз де қатысып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Айта кетейік, тәуелсіздік жылдарында Қазақстаннан бірде-бір спортшы семсерлесуден Олимпиада ойындарына қатыспаған. Шығыстың семсер ұстаған қос саңлағы Руслан мен Вадим бұл спорт түрінен тұңғыш рет ел намысын қорғайтын болады.