Өскеменде Тарбағатайдың жәрмеңкесі өтеді

Фото: @akimatoskemen
Өскеменде 27 сәуір күні Тарбағатай ауданының ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Жәрмеңкеге Тарбағатай ауданының шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлері қалалықтар мен қала қонақтарына өздерінің экологиялық таза өнімдерін (ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал және т.б.) әдеттегідей арзан бағада ұсынатын болады.
Өтетін уақыты: сағат 8.00-ден 14:00-ге дейін.
Өтетін орны: Өскемен қаласы, Сәтбаев көшесі, 39 мекенжайындағы «ТНП» дүкенінің аумағында.