KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 2 м/с, В
480.5 534.22 5.18

ШҚО полицейлері мектеп бітірушілерге кәсіптік бағдар берді

2.05.2024, 14:26 134 Ержан Әбіш

ШҚО Полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасының қызметкерлері мектеп бітіруші сыныптардың оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында қалалар мен аудандарды аралады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің және ІІМ Алматы академиясының қызметкерлері Риддер қаласын және Шемонаиха, Самар, Ұлан, Күршім, Марқакөл, Зайсан, Тарбағатай, Алтай, Үлкен Нарын аудандарын аралады.

Тәртіп сақшылары әр полиция бөлімінде ашық есік күнін өткізіп, мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар берді. Іс-шараға мыңнан астам адам қатысты.

Криминалистер, қызметтік көліктер, мұражай экспонаттары, полицей иттер, арнайы құралдар мен қару-жарақ келушілердің қызығушылығын тудырды. Әркім өзін полицей ретінде сезініп, форма киіп, қару ұстап, патрульдік көлік рөліне отырды.

Полицейлер ішкі істер органдарында қызмет етудің, ведомстволық оқу орындарында оқудың артықшылығы түсіндірілді. 

Фото: Рolisia.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив