Өскемендегі вейпшоптарға рейд жүргізілді
фото: depositphotos.com
Өскеменде 21 жасқа толмаған азаматтарға электронды темекілерді (вейптерді) сатудың алдын алу бойынша рейд өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Рейдтің бастамашысы – ШҚО Полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші кеңестің төрағасы, заң ғылымдарының докторы Қуат Рахымбердин.
Рейдке Өскемен полиция басқармасының жергілікті полиция өкілдері, «Аманат» партиясы облыстық филиалының өкілдері, Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары, С. Аманжолов атындағы ШҚУ құқықтану мамандығының студенттерінен құралған «Вейпсіз жастық шақ» жобасының еріктілері қатысты.
Рейд барысында облыс орталығындағы 10-нан астам вейп сататын дүкен тексерілді. Барлық сатушыларға 21 жасқа толмағандарға вейптерді сатуға тыйым салынғаны түсіндірілді.