KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Ұлан ауданы: Алғашқы үкіметтік наградасын 14 жасында алды

Ұлан ауданы әкімдігінен
Ұлан ауданы әкімдігінен
9.05.2024, 18:00 74 Назерке Каримова

Ұлан ауданының әкімі Ұлы Жеңіс күні мерекесінде екі тыл еңбеккері, ауданның құрметті ардагерлері Бахмудская Екатерина Алексеевна мен Руденко Филипп Григорьевичты құттықтап қайтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.

Екатерина Алексеевна 1929 жылы 12 қыркүйекте Бетқұдық ауылында дүниеге келген. Ол өзінің алғашқы Үкіметтік наградасын 14 жасында алып, көптеген басқа марапаттарға ие болды. Мал бордақылау фермасында жұмыс істеді. Мәскеудегі ВДНХ көрмелерінің жүлдегері. 5 баладан 9 немере көрді. Қазіргі уақытта Таврия ауылында немерелерімен және шөберелерімен бірге бақытты ғұмыр кешіп отыр.

Ал Руденко Филипп Григорьевич 1929 жылы 24 маусымда Таврияда дүниеге келген және оның ата-анасы өмір бойы Таврия ауылында тұрып, "Красный Октябрь" колхозында тракторшы және қолөнерші болып жұмыс істеген.

Филипп Григорьевич мектепті бітірген соң "Красный Октябрь" колхозында жұмыс істей бастады. 1950 жылдан 1953 жылға дейін Кеңес Армиясында қызмет етті.

Көпжылдық және мінсіз еңбегі үшін түрлі медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Отбасында екі ұлы мен 1 қызы өсіріп, тәрбиелеген. Барлығы білім алып, отбасыларын құрып, 7 немере мен 7 шөбере дүниеге келді.

- 95 жастағы Филипп Григорьевич әлі тың, белсенді, - дейді Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиев. - Құрметті ардагерлерімізді шын жүректен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыс етіп, зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледім.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив