Жалаңаш ауылына келетін жас мамандарға баспана керек
pixabay.com
Тарбағатай ауданының Жалаңаш ауылының тұрғындары "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы аясында үйлер салуды ұсынды.
Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев Жалаңаш ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жиын барысында аудан әкімі Жалаңаш ауылында атқарылатын бірқатар шараларға тоқталды.
- Биыл ауылды абаттандыру жұмыстары бойынша Жалаңаш ауылында футбол алаңын орнатуға аудандық бюджеттен 4 млн теңге, балалар ойын алаңын орнатуға 5 млн теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жоспарлануда, - деп хабарлады аудан әкімдігі. - Жалаңаш елді мекеніндегі көшелердегі жарықтандыру жұмыстары да жоспарда бар. Сонымен қатар, С. Көбеев атындағы мектеп-балабақша кешені ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 32,5 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары басталды. Алдағы уақытта халық игілігіне пайдалануға берілетін болады.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауылға жаңадан келетін жас мамандарға "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы аясында үйлер салу, сондай-ақ Жалаңашқа кіре беріс көпірге құбырлар қойылса деген ұсыныс айтылды.
Оқи отырыңыз