Бұқтырма көпірінің құрылысы қалай жүріп жатыр?
Шығыс Қазақстан облысындағы «Бұқтырма су қоймасы» арқылы өтетін көпір құрылысы 2021 жылы басталған болатын.
Бүгінгі күні еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылыс жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Бұқтырма су қоймасы» арқылы өтетін көпір құрылысының жалпы құны – 61,4 млрд теңге. Бұған дейін көпір салуға бөлінген қаржының жартысына жуығы игерілген.
– Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің жалпы құны – 61,4 млрд теңге, оның 27,5 млрд теңгесі игерілді. Биыл жобаға республикалық бюджеттен 5 млрд., облыстық бюджеттен 3 млрд. теңге қарастырылған. 21 көпір тірегінің 11-і орнатылып, 7 көпір тірегінің жұмысы жалғасуда. Келер жылдың соңында техникалық жұмыстары аяқталатын болады, – деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.
Бұл көпір Шығыс Қазақстанның Күршім, Зайсан, Катонқарағай, Марқакөл сияқты төрт ауданын облыс орталығымен байланыстыратын болады.
Оқи отырыңыз
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір қашан пайдалануға беріледі?Бұқтырма арқылы өтетін көпір құрылысына 5 миллиард теңге бөліндіШҚО-дағы көпір құрылысына қатысты тараған ақпарат расталмадыАвтожолдар мен көше жолдары жөнделеді – КүршімБұқтырма су қоймасындағы көпір құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады