KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 4 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

ШҚО Ана мен бала орталығында пансионат ашылды

20.05.2024, 12:03 176 Ержан Әбіш

ШҚО Ана мен бала орталығында басқа елдімекендерден келген емделушілер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған пансионат ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ана мен бала орталығына жүгінетін науқастардың көбі басқа аудан-қалалардан келіп, бір күнде тексерістен өтуге немесе қажет мамандарға жазылуға үлгермей қалады. Амал жоқ, олар үйлеріне қайтып, келесі күні қайта алыс жолға шығуға мәжбүр. Мұндай сапарларды әркімнің қалтасы көтере бермейді. Емделушілерге жеңілдік жасау мақсатында Ана мен бала орталығында пансионат ашылды. Онда алыстан келген аурухана емделушілері түней алады.

6 бөлмелі пансионатта 15 төсек-орын, душ, асүй, тоңазытқыш, кір жуғыш машина және т.б. бар.

– Алыс аудандардан Ана мен бала орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесіне тексеруге келген әйелдер бірден қабылдауға келе алмайды. Мәселен, емделушілер алдын ала келгенмен, оларды тек келесі күні сағат 8.00-де қабылдайды. Осындай жағдайда орталықтың пансионатында түней алады. Сондай-ақ аудандардан Ана мен бала орталығының патология бөліміне келген жүкті әйелдер, егер босануға аз уақыт қалса, бірақ ауруханада болу қажет болмаса, уақытша пансионатта тұра алады. Баламен бірге тексерілуге немесе емделуге келген балалардың аналары палатада жата алмаса, пансионатқа келе алады. Олар күндіз ауруханаға келіп, қажет болған жағдайда өздері дайындаған тағамды әкеліп, қайта бөлмелеріне орала алады, – деді ШҚО ДСБ ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Мадина Мырзабекова.

ШҚО Ана мен бала орталығының пансионаты Өтепов көшесі, 35 мекенжайында орналасқан. Бөлмені алдын ала брондау үшін 8 705 830 42 39, 8 (7232) 75-55-13 нөмерлеріне қоңырау шалуға болады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив