KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да қарттар үйі өртеніп кетті

8.10.2019, 04:22 102

ШҚО-ның аудандарының бірінде қарттар үйі өртеніп кетті, деп хабьарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өрт Алтай ауданына қарасты Парыгино ауылындағы «Лад» коммерциялық емес қайырымдылық мекемесінің ғимаратында болды. Жалын әуел баста моншада тұтанып, кейін жанындағы пансионаттың ғимаратына ауысқан.

Пансионат қызметкері моншадағы түтінді байқап қалып, өрт сөндіру қызметін шақыртады. Өрт сөндірушілер пансионат қызметкерлерімен бірге 18 зейнеткерді қауіпсіх жерге көшірген.

Өрттің жалпы аумағы 302 шаршы метрді құрайды.  Зардап шеккендер жоқ. Алайда пансионатқа өте үлкен шығын келген екен. Қазіргі уақытта пансионатта тұрып жатқан қарттар панасыз қалып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив