KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
523.17 550.06 4.93

ШҚО: Ана мен бала орталығында Ашық есік күні өтіп жатыр



1.03.2024, 12:03 232 0 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінде Ашық есік күні өтіп жатыр.

Облыстың бас репродуктологының айтуынша, 09:00-ден бастап кешкі 17.00-ге дейін барлық өңір тұрғындары білікті мамандарда тегін кеңе ала алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Шара бала сүйе алмай жүрген, қандай да бір ақаулықтары бар науқастарға арналған. Репродугтолог тегін кеңес береді, ретімен зерттеу жүргізіліп, себептері анықталады. Керек жағдайда керекті ем тағайындалатын болады. Ал, емнен өтіп, ешқандай нәтиже болмаған жағдайда жасанды ұрықтандыру процессін ұсынамыз, - дейді облыстың бас репродуктологы, Ана мен бала орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Надира Слямханова.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдан бастап елімізде ел Президентінің қолдауымен «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Көрсеткіштері сәйкес келген жұп аталмыш бағдарламаның көмегіне жүгіне алады.

Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)