ШҚО-да интервенциялық хирургия саласы дамып келеді

Фото: depositphotos.com
Интервенциялық хирургия – медицинадағы ең жаңа бағыттардың бірі. ШҚО онкология және хирургия орталығында онкологиялық ауруларды емдеуде осы әдіс қолданылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталған орталықтағы онкохирургия бөлімінің меңгерушісі, хирург Рауан Сейітбаев елімізде алғашқылардың бірі болып трепан-биопсия – ДСБ және КТ аппараттарының бақылауымен кеуде және іш қуысы ісіктерін морфологиялық диагностикалаудың аз инвазивті әдісін енгізді. Трепан-биопсия жергілікті анестезия жағдайында жасалады және ісік массасына арнайы ине жүргізуден, содан кейін түрлі тіндік бағандарды алудан тұрады.
Қатерлі ісікті емдеудің тағы бір озық әдісі – бауыр артериясын химиоэмболизациялау.
Орталықта бауырдың радиожиілікті абляциясы қолданылады. Бұл – ісік токпен жойылатын әдіс. Кішкене электродтар зардап шеккен тіндерге енгізіледі, содан кейін ток беріледі, неоплазма тіндері қызып, жойылады.
Орталық порт-жүйелерді орнату бойынша елімізде көш бастап тұр. Бұл – интервенциялық хирургияның тағы бір түрі.
Айта кетейік, Рауан Сейітбаев Израильде, Германия мен Британияда тағылымдамадан өткен. Интервенциялық хирургия бойынша отандық әріптестеріне шеберлік сабақтарын өткізіп тұрады.