KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, СШ
481.19 538.45 5.18

Оталарды тың әдіспен жасайды – ШҚО

шартты сурет

6.06.2023, 14:30 252 Оразай Жеңісұлы

Онкохирургтар ең көп таралған және ұзаққа созылатын операция – өңешке жасалатын ота екенін мойындайды.  Кейде шамамен жеті сағатқа созылады. Дегенмен медицина бір орнында тұрмайды. Бүгінгі таңда жергілікті онкодәрігерлер күрделі деген оталардың өзін үлкен тіліксіз, бір жерден тесу арқылы жасау әдісін жетік меңгерген. 
Өңірдегі торакалды онкохирургия қызметі туралы облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының онкохирургы Әділбек Баймұсанов айтып берді.
Торакалды хирургия – медиастиналды органдар, өкпе және кеуде, көмей, бас және мойын ісіктерінің патологиялары мен жарақаттарын диагностикалау мен хирургиялық емдеуді қамтитын медицина саласы. 
Әділбек Баймұсанов медиастинаның, өкпенің, өңештің, трахеяның, төс пен қабырғаның, көмейдің, қалқанша безінің, бас және мойын ісіктерінің қатерлі және қатерсіз ісіктерін, сондай-ақ өңештің тарылуын және басқа ауруларды диагностикалау үшін міндетті түрде хирургтің кеңесі қажет екенін айтады.
Торакалды хирургияны меңгерген дәрігерлер үшін оталарды қабырғаны айналып өтіп, аз жарақаттармен жасау маңызды. Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында осы бағытта төрт маман жұмыс істейді.
– Торакалды хирургияда көптеген операция түрлері бар. Кейде қатерсіз ісікті сылып тастауға 20 минут кетуі мүмкін, ал медиастинаның қатерлі ісігін жоюға бірнеше сағат керек. Ең ауыр операцияның бірі – өңештегі қатерлі ісікті кесіп алу, медиастинаның үлкен ісіктерін алып тастау. Алынған өңештің орнына асқазан түтігінен жасанды өңеш орнатылады. Мұның бәрі лапаро және торакоскопиялық әдіспен, кеуде қуысы мен іш қуысын ашпай жасалады. Бірнеше жыл бұрын мұндай операцияны үлкен тіліксіз жасау мүмкін емес еді, – дейді Әділбек Баймұсанов.
Дәрігердің айтуынша, қазір көптеген операциялар жоғары мамандандырылған медициналық көмек болып саналады. Өткен жылы 500-ден астам ота жасалса, оның 273-і өкпеге жасалды.
– Көп жағдайда дәрігерлер оталарды аз инвазивті қолжетімділік арқылы үлкен тіліктерсіз-ақ жасай алады. Бағымызға орай, біздің орталық заманауи жабдықтармен жарақталған. Мұндай маневрлер үшін біздің дәрігерлердің біліктілігі де жеткілікті. Минималды инвазивті әдістер операциядан кейінгі кезеңді де айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл – науқастың еңбекке қабілеттілігі тез қалпына келеді деген сөз, – дейді онкохирург.
Естеріңізге сала кетейік, торакалды хирургиядағы аз инвазивті әдістердің дамуы орталық хирургтері 2017 жылы Ұлыбританияда үш айлық тағылымдамадан өткеннен кейін басталды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив