KZ
Өскемен
+14°
туман жел 2 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Гидробекетте су деңгейінің көтерілуі анықталды, тасқын қаупі жоқ – ШҚО

Фото: depositphotos.com

22.05.2024, 14:59 156 Ержан Әбіш

Мамырдың 15-22 аралығында ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Нанвань гидробекеті маңында су деңгейі көтерілген. 21 мамырда, сағат 20-00-дегі жағдай бойынша судың шығын көлемі секундына 2070 текше метрді құраған. Мұндай жағдай 2013 және 2016 жылдары да тіркелген болатын.

Осы аумақта ағып жатқан Буыршын өзені трансшекаралық Қара Ертіс өзеніне, ал Қара Ертіс Зайсан көліне құяды.

Марқакөл ауданының Боран ауылында орналасқан гидробекеттегі көрсеткіш бойынша Қара Ертіс өзенінің деңгейі 543 сантиметрді құрап отыр. Бұл – қауіпті деңгейден 18 сантиметрге жоғары, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі кезде ШҚО әкімдігі және ТЖД жағдайды бақылауға алып, шұғыл шаралар қолдануда. Жергілікті жердегі атқарушы билік, полиция және прокуратура органдары алдын ала ескертілді.

Ауылдың төменгі тұсына өткен жылы ұзындығы 400 метр, биіктігі 675 сантиметр болатын бөгет салынған. Бөгеттің биіктігі қазір қауіпті деңгейден 1,5 метр жоғары болғандықтан, әлі де 70 сантиметрге жуық аралық бар.

Қара Ертіс өзенінің деңгейі әр 4 сағат сайын өлшеніп тұр, тәулік бойғы бақылау ұйымдастырылған. Ауыл маңындағы ұзындығы 60 метр болатын бөгетті күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елді мекен тұрғындары ескертіліп, төтенше жағдай туындаған жағдайда тұрғындарды уақытша орналастыру орындары әзірленді. Әзірге бөгетті күшейту жұмыстарына 11 адам және 7 техника жұмылдырылған.

Қазіргі кезде Боран ауылына жақын маңдағы Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Үлкен Нарын аудандарынан қосымша техника мен мамандар жұмылдырылуда. Елді мекенге төнер қауіп жоқ. Жағдай бақылауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив