KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
502.57 591.68 6.42

Үлбінің суы тәулігіне 3 сантиметр көтеріліп келеді

9.04.2020, 08:18 385

Өскемендегі төтенше жағдайлар басқармасы, ТЖ департаментіне қарасты Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары мен қала әкімдігі облыс орталығының маңайындағы өзен-суларға жыл сайын мониторинг жүргізеді.

Күніне үш мәрте су деңгейі туралы ақпарат белгілі болады. Қазір Үлбі өзені тәулігіне 3 сантиметр көтеріліп келеді. Ондағы су деңгейі 562 сантиметрге жеткен. Ал бұл өзеннің су деңгейінің шектік мөлшері - 800 сантиметр.

"Жағдай әзірге тұрақты. Өзендердегі су деңгейінің күрт көтерілу жағдайы тіркелген жоқ. Маховка өзені ағып өтетін Солнечный ауылындағы су жинаушы тоғанда тасқын қаупі жоқ", - делінген басқарма ақпаратында.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу