KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Зайсан қаласында жас полицейлердің кадет сыныбы ашылды

23.05.2024, 09:59 97 Ержан Әбіш

Зайсан қаласының Гагарин атындағы мектебінде аудандағы алғашқы кадет сыныбы ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Бесінші сынып оқушылары кадеттер қатарына қабылданды, олар «Жас сақшы» деп аталатын жас полицейлер сыныбының оқушылары болды. Мұндағы мақсат – балалардың әскери-патриоттық тәрбиесі мен кәсіби бағдарын нығайту, оларға мамандықты таңдауға көмектесу.

Іс-шараға аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімкызы, ШҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Ерхат Шалқыбаев, Зайсан ауданы полиция бөлімінің бастығы Дидар Қамзин, оқушылардың ата-аналары, мектеп ұжымы қатысты.

Кадеттер үшін полицейлердің үлгісі бойынша форма тігілді. Сынып бөлмесі арнайы стендтермен, жабдықтармен жарақталды.

ШҚО білім басқармасының келісімі бойынша оқу бағдарламасына құқық қорғау қызметі, алғашқы әскери дайындық, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша полиция қызметкерлерінің, мамандардың қатысуымен өтетін қосымша сабақтар енгізілді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив