KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
514.93 536.04 5.18

Өскеменнен Берелге дейін автобус жүре ме?

pexels.com

25.05.2024, 15:00 181 Назерке Каримова

«Өскемен – Катонқарағай – Берел (Алтай қ. Арқылы)» бағытында автобус шыққаны хабарланғанымен, билеттер сатылып жатқан жоқ.

ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Өскемен – Катонқарағай – Берел (Алтай қ. Арқылы)» тұрақты бағытына билеттерді сату басталғанын хабарлаған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Рейстер күн сайын Абай даңғылы, 8 мекенажйындағы автовокзалдан шығады: Өскемен қаласынан сағат 08.10-да жөнелту; Берел ауылынан сағат 07.30-да жөнелту. Жол жүру құны 4500 теңгені құрайды. Бағыт Алтай және Үлкен Нарын аудандарының елді мекендерін қамтиды, – деп мәлімдеді басқармадағылар.


Бірақ қазір Берелге баратын және қайтатын жолаушылар саны аз болғанына байланысты автобус Катонқарағайға дейін ғана барады. Бірақ алдағы уақытта жолаушылар саны көбейсе, автобус Берелге дейін барады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу