Көктемнен бастап Өскемен - Катонқарағай бағытында автобус жүреді
Фото: Аяужан Утеулинова
Наурыздан бастап Катонқарағай ауданына жаңадан ашылғалы отырған жолаушылар тасымалы бағытындағы автобус билетінің бағасы 4,5 мың теңге болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Катонқарағайға, сондай-ақ ол жақтан облыс орталығына қатынайтын халықты өскемендік жеке кәсіпкердің автобусы тасымалдайды.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айжан Рахимбаеваның айтуынша, көктемнен бастап Өскеменнен Алматы қаласына да автобус бағыты ашылмақ.
Жанаргүл Мұқатай
Оқи отырыңыз