KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
514.93 536.04 5.18

ШҚО-да қай өңірлерде зиянкестермен күрес жүргізіледі?

pexels.com

25.05.2024, 21:00 171 Назерке Каримова

Биыл итальяндық прус, Азия шегірткесі, үйірсіз шегіртке, шалғын көбелегінен қорғау үшін алқаптарда химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, ШҚО бойынша биыл алты ауданда Алтай, Зайсан, Катонқарағай, Самар, Күршім және Тарбағатай аудандарында жалпы 9,5 мың га алқапта итальяндық прус бойынша химиялық өңдеу жүргізіледі.

– Күршім және Самар ауданында жалпы 9,0 мың га алқапта Азия шегірткесі бойынша; Алтай, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан, Тарбағатай, Күршім, Самар аудандарында үйірсіз шегіртке бойынша 24,1 мың га алқапта; төрт аудандағы 3,5 мың га алқапта шалғын көбелегі бойынша өңдеу жүргізіледі, – деп хабарлады Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы ШҚОФ.


Шегірткеге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың екінші отырысында мемлекет шегіртке дернәсілдерін бақылау үшін фитосанитарлық қызметке көмекке арнайы дрондар сатып алынатындығы мәлім болды. Сондай-ақ егістікті өңдеуге арналған дрондарды сатып алуды субсидиялау мүмкіндігі қарастырылады.

Шығыс, солтүстік және орталық аймақтардағы суық ауа райына байланысты шегіртке дернәсілдерінің жаппай көбеюі мен дамуы кешеуілдеп тұр. Өңдеу жұмыстары Ақтөбе (10,8 мың га), Алматы (0,2 мың га), Атырау (0,8 мың га), Жамбыл (5,1 мың га), Жетісу (0,7 мың га), Батыс Қазақстан (0,6 мың га) облыстарында басталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу