Самар ауылының су құбырлары жаңартылып жатыр – ШҚО
сурет көрнекілік үшін алынды: flectone.ru
Самар ауданының орталығында сутартқыш пен 80 шақырым су құбырлары жаңартылып жатыр. Жұмыстар алдағы қазан айында аяқталуға тиіс. Жобаны іске асыру сумен қамту желілеріндегі апаттар мен шығындарды азайтпақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Атап айтсақ, мердігер – «Kaz Profstroyholding» ЖШС Самар ауылында су тарту құрылысын реконструкциялап жатыр. Қазір таза су резервуарлары орнатылып, су алу алаңы қоршалуда. Нысан алдағы қазан айында пайдалануға беріледі.
2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде «НКО» ЖШС мердігерлік ұйымы 2616,1 млн теңгеге Самар ауылының су құбырларын жаңартуда.
Желілердің жалпы ұзындығы – 80 шақырым. Биыл жобаны аяқтауға облыстық бюджеттен 144,4 млн теңге бөлінді. Жұмыстар алдағы қазан айында аяқталуға тиіс.