Енді құдықтан су тасымайды. Мұқыр ауылында су құбырлары жаңартылды – Семей
Бұған дейін Мұқыр ауылының 1200-ден тұрғыны ауылдағы апатты жағдайдағы екі колонкадан су тасып ішетін.
Ал биыл бюджеттен 477,264 млн теңге бөлініп, ауылдағы су құбыры желілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртылуы аяқталды. Аталмыш жұмыстармен "DK Proekt" ЖШС мердігерлік ұйымы айналысты.
- Өткен жылы жобаны жүзеге асыруға 160,0 млн теңге бөлініп, игерілді. 2020 жылы жоба бойынша жұмыстарды аяқтауға 317,264 млн теңге бағытталды. Бөлінген қаражатқа тұрғын үйлерге 20,8 шақырым желі, екі сорғы станциясы және су тарту құрылыстары салынды, - дейді Энергетика және ТКШ басқармасының баспасөз қызметі
Мердігер компания "DK Proekt" ЖШС хабарлауынша, Мұқыр ауылының су құбыры желілерін тарту жұмыстары толығымен орындалып, бітті.
- Сондай-ақ сорғы станциясының аумағына Электрмен жабдықтаудың электр желілерін орнату бойынша жұмыстар орындалды. Бүгінгі күні ішкі су құбыры бар үйлерде тұратын халықтың жалпы саны - 1 396 адам, - дейді "DK Proekt" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Мақсат Шәкіров.
Айта кетейік, үстіміздегі жылы сумен жабдықтау және су бұру нысандарын салу, қайта құру, жалпы құны 59,6 млрд.теңге құрайтын блоктық-модульдік станцияларды орнату бойынша 130 жобаны іске асыруға 25,04 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде 73 жоба "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша, жетеуі – "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша, 50 жоба – 50 ауылдық елді мекенде БМС орнату бойынша.
73 жобаның 51 – і өтпелі және 22 – сі жаңа жобалар. 51 жобаның 24-ін аяқтау жоспарланып отыр. Оның ішінде Глубокое ауданының Уварово және Тарханка, Күршім ауданының Қалжыр, Көкпекті ауданының Көкжыра, Көкпекті ауданының Көкпекті, Ұлан ауданының Тарғын, Үржар ауданының Бестерек, Көктал, Сағат ауылдары және басқалары бар. Мұқыр ауылынан басқа Маңырақ, Меновное ауылдарында тағы екі жоба аяқталды.