KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Агроөнеркәсіпті дамыту жаңа тәсілдерді қажет етеді – ШҚО

31.05.2024, 20:07 63 Оразай Жеңісұлы

Қияр, тұз, сірке суы, май және аскөк. Аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың әкімдік мәжілісіне арнайы алып келген шетелдік консервінің құрамы осындай. Облыс әкімі мықты ауыл шаруашылығы базасына ие бола отырып, өңір өзін-өзі дайын өніммен қамтамасыз ете алмай отырғанын өкінішпен атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ермек Көшербаев қарамағындағыларға ет және жеміс-көкөніс өнімдерін шығаруды жолға қоюды міндеттеп, бұл істі қалай ұйымдастыру керектігін түсіндірді.

– Егер бұл консервілер бізде сатылып алынбаса, оларды әкелмес те еді. Бізге өз өндірісімізді дамыту керек. Мәселен, алдағы уақытта Ресейдегі дүкен сөрелерінде «Марқакөл ауданының Боран ауылында өндірілген» деген секілді жазуы бар азық-түлік тауарлары тұруға тиіс, – деді облыс әкім.

Аймақ экономикасын әртараптандыруға «Ауыл аманаты» бағдарламасы көмектесе алады. Биыл осы бағдарлама аясында Шығыс Қазақстанның ауыл тұрғындарына жалпы сомасы 5,6 млрд теңгенің жеңілдетілген несиесін ұсыну көзделген. Осы қаржыдан мыңнан астам кредит беріледі деп жоспарлануда. 

Өңірдегі ауылдарда азық-түлік өнеркәсібінің жоғарыда аталған бағыттары қолға алынса, аграрлық саланың қарқынды дамитыны анық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив