KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

ШҚО әкімі: Барлық қауіпті аумақтарға тәулік бойы мониторинг жүргізу керек

12.04.2024, 12:59 861 Оразай Жеңісұлы

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Алтай ауданында мемлекеттік органдардың басшыларымен өңірдегі су тасқынына қарсы ахуал бойынша жедел кеңес өткізіп, тасқын жүру қаупі бар барлық аудандарға тәулік бойы мониторинг жүргізу керектігін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Аталған аймаққа Алтай ауданы бойынша 12 елді мекен кіреді. Ермек Көшербаев кез келген өзгерістерге дайын болып, мемлекеттік орган басшыларына жедел ден қою жоспарын құруды тапсырды.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел кеңес барысында облыс әкімі елді мекендерді абаттандыру жұмысына аса назар аударуды да ұсынды. Жерлестерімізді экологиялық акцияларға белсенді қатысуға шақырып, аймақтың тазалығы әр адамның өз ауласын ретке келтіруден басталатынын еске салды. 

Бүгінде Алтай ауданындағы туризмді дамыту – өзекті мәселенің бірі. Алтай – Катонқарағай ауданына апаратын логистикалық туристік маршрут аясында аймақтағы «жасыл» туризмді дамыту қажет, ол үшін өңірдің креативті экономикасын дамыту көзделген. Алтай аймағы танымал туристік орталыққа айналуы керек, себебі пайдалы қазбалардың ертелі-кеш сарқылатыны анық. Елді мекендердің экономикалық өсуін әртараптандыруға дайын болуымыз қажет. Атап өтейік, ауыл тұрғындарының «Еңбек ұтқырлығы» орталығы арқылы тың идеялары үшін грант иегері атануға нақты мүмкіндіктері бар. 

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі мемлекеттік орган басшыларына аталған мәселелер мен бастамалар бойынша тапсырма берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив