KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
529.65 544.64 5.16

Өскемендегі қоғамдық көліктер жаңартылуда

8.06.2024, 14:00 180 Назерке Каримова

Өскеменге жаңа 10 үлкен автобус пен 5 шағын автобус жеткізілді.

Облыс орталығындағы ең ірі жолаушы тасымалдаушы "Vosca" ЖШС өз бағыттарына жаңа автобустар шығармақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі қаладағы қоғамдық көліктердің 30%-ы жаңартылғанын айтады. Алдағы уақытта да жолаушылар үшін ыңғайлы жаңа автобустар жеткізілмек.

- Yutong маркалы 10 жаңа автобус келді. Олар алдағы уақытта №17 және №12 бағыттар бойынша қатынайтын болады, - дейді "Vosca" ЖШС автотізбек басшысы Данияр Мұхтаров. - Заманауи автобустар автомат жетекті, 26 отыратын орны бар, жалпы сыйымдылығы 80 адам. Сонымен қатар, жаңа 5 шағын автобус жеткізілді.


Алдағы аптада шағын автобустар Жаңа Ахмер мен ЖМК аудандарын байланыстыратын №255 бағыт бойынша,28-шағын ауданнан "Автобекетке" дейін қатынайтын №256 бағыт бойынша шығатын болады.

- Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасап, автобустардың санын көбейту мақсатында 3-ші жыл қатарынан қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілуде, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Облыстық әкімдіктің қолдауымен субсидия алған жолаушы тасымалдайтын компаниялардың автопаркі біртіндеп жаңарып, жұмысы жақсарып келеді.


Жаңа автобустар жеткізіліп жатқанымен, жүргузішілер жетіспеушілігі мәселесі әлі де шешімін таппай отыр.

- Автопаркте жүргізушілер 30%-дай жеткіліксіз. Жүргізушілер үстеме жұмыс алуға мәжбүр. Жаңа, ыңғайлы автобустар жеткізіліп жатқандықтан, жаңа жүргізушілер де жұмысқа келер деген үміттеміз. Автопарк жүргізушілерінің айлығы орта есеппен 350 мың теңге. Жалақыны көтеріп жатырмыз, - дейді "Vosca" ЖШС автотізбек басшысы Данияр Мұхтаров.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу