Өскемендік кәсіпкер арнайы спорттық киімдер тігеді
Облыс орталығының тұрғыны Саят Бауыржанұлы ісін дөңгелету үшін мемлекеттен жеңілдікпен несие алған.
Сөйтіп қазір отандық өнім, қазақстандық Altay outwear брендін дамытуға мықтап кіріскен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оған бұл идея Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген кезде келген екен. Өзі де бала кезден тігіншілікке қызығатын ол
Содан бері Саят куртка, шалбар, сөмке және тіпті шатырлардың дизайнын жасай бастады. Өз дизайнын ойлап тауып, өзі үшін және достары үшін тіге бастаған ол кейін біртіндеп тапсырыс ала бастаған.
Алғашқы бұйымдарды үйде қарапайым тігін машинасында тігетін. 2022 жылдың басында Астанада өткен Ulttyq Ónim көрмесіне қатысты.
2023 жылдың қазан айында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында грант жеңіп алды.
Қазір бұл брендің киімдеріне Instagram парақшасы арқылы тапсырыс беруге, сондай-ақ Алматы мен Шымкенттегі офлайн-дүкеннен сатып алуға болады