Онкологиялық ұйымдарда қаржылық заңбұзушылықтар анықталды
admrad.ru
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ұйымдардың 30 млрд теңгеден астам негізсіз пайда көргенін мәлімдеді.
Министрлік медициналық ұйымдардағы онкологиялық пациенттерге көрсетілген көмекке талдау жүргізген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- 6 ұйымда көптеген бұзушылықтар, сондай-ақ 18 млрд теңгеден астам сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталған. 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің онкология орталықтары алған пайданың жалпы сомасы 31,8 млрд теңгеден асты, - деп хабарлады министрлік. - Пайда алу үшін емдеуге жатқызу жағдайларын жасанды түрде бөлшектеу фактілері, есептен шығарылған және тағайындалған химиялық препараттардың сәйкес келмеуі, ұсынылған жағдайлардың емдеу стандарттарына сәйкес келмеуі және тарифтердің нақты шығындардан асып кетуі анықталған.
Нәтижесінде 6 бірінші басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылады, оның 2-еуі атқаратын лауазымдарынан босатуға ұсынылды.
Министрлік алқа отырысы барысында онкологиялық қызметтің клиникалық-шығынды топтары бойынша базалық мөлшерлемені 20%-ға төмендету туралы шешім қабылдаған.
Оқи отырыңыз
Қаржылық есептілік аудитінің алғашқы нәтижелері туралыӘМСҚ медициналық ұйымдарға 358 млрд теңгеден астам сомаға аванстық төлем жасады – ӘМСҚОнкологиялық көмекті жетілдіруге 1 млн.еуродан астам инвестиция тартылмақҚазақстанда ұялы байланыс операторларына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салындыӨнім көлемі 4 млрд теңгеден асты – Күршім