KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Самар ауылындағы үйлерге таза ауыз су беріле бастайды

instagram/samar_news16

9.06.2024, 19:30 131 Назерке Каримова

Қазір аэропорт маңындағы тұрғын үйлердің қасындағы құдықтарға су берілген.

Тұрғындар өз үйлеріне дейін құбыр жүргізіп алуы керек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі

Аэропорт аумағындағы үйлер маусым айының 15 дейін жаңа су құбырына қосылуы керек. Себебі одан кейін ескі су құбыры жұмысын тоқтатады. Аудан әкімдігінің өкілдері үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстатрын жүргізуде.

Алты жылға созылып, елдің игілігіне жарап жатқан ауызсу әрбір көше бойынша ретімен беріледі. Ол үшін үй иелері өз үйлерінің аумағына дейін тартылған су құбырын үйлеріне өздері кіргізуі керек.

– Қазір аэропорт аумағындағы үйлердің қасындағы құбырларға су жіберілді. Барлық үйде бар. Маусым айының 15-не дейін осы аумақтың тұрғындары жаңа су құбырын үйлеріне өз күштерімен кіргізіп алуы керек. Ескісін тоқтатамыз. Ал қыркүйек айының аяғына дейін бүкіл ауыл сумен қамтылады, – дейді Самар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Алтайұлы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив