ШҚО-да 20 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтылады
Облыста сумен жабдықтау және суды бұруға арналған 130 жоба жүзеге асырыла бастады.
ШҚО әкімдігінің онлайн-жиынында хабарлағандай, жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 92 сумен жабдықтау нысанын пайдалануға беру жоспарланған.
- Қалалар мен аудандардың әкімдіктері, сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы барлық жобалардың уақтылы және сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуы керек, - деп тапсырды ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Жалпы, алдағы үш жылда облыс халқының 90,5% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, өткен жылы облыстың 77 елді мекенінде блок-модульдік станция салынған. Соның нәтижесінде 17 мың адам орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді.