KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,3 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Меновнойға су мен кәріз тарту: 20 маусым соңғы күн

15.05.2020, 10:36 87

Қазір Меновной ауылындағы сумен жабдықтау жүйесімен"Global Construction" ЖШС айналысып жатыр. Жоба бойынша 14 шақырым желі тартылып, 1580 адам сумен қамтамасыз етілу керек.

Ал кәріз жүйесін "DK Project" компаниясы жабдықтау үстінде. Бұл жоба бойынша 27 шақырым желі тартылып, 5061 адамды орталық су тарту жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Бүгінде желілерді төсеу және аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар орындалды. Жұмыс орындарында қиыршық тас төгіліп, асфальттау жұмыстары жүргізілді. Енді іске қосу мен жөндеу сияқты біраз жұмыстар бар.

Дегенмен қыстан кейін жобалардан бірқатар ақаулар шыққаны жасырын емес. Олқылықтарды жою үшін жұмыс мердігерлердің өзіне қайта берілген. Енді мердігерлер нысандарды 20 маусымға дейін толық тапсырулары керек.
Тек осыдан кейін коммуникациялық желілер «Өскемен Водоканал» МКК балансына берілетін болады. «Өскемен Водоконал» коммуналдық мекемесінің балансына берілісімен, тұрғындар өз үйлеріне су тарту-қосуға өтініш беріп, коммуналдық қызмет көрсету бойынша келісім-шарт жасай алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив