KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, ОБ
530.12 546.08 5.17

Катонқарағайдағы бір туристік бағыт уақытша жабық

instagram/katonkaragayskiignpp

15.06.2024, 13:00 172 Назерке Каримова

Катонқарағай ауданындағы Ақ Берел өзенінің ағысы қатты және бұл бағыттағы көпір апаттық жағдайда.

Бұл туралы Катонқарағай ауданындағы Катонқарағай ұлттық паркі ескертті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Катонқарағай ұлттық паркінің басшысылығ ШҚО туристік фирмалардың өкілдерімен, сондай-ақ жыл сайын туристерді ұлттық парктің әдемі жерлерін көрсету үшін әкелетін гидтермен онлайн кеңес өткізді. Биылғы маусымда келушілерді қабылдау үшін жасалған бірқатар жұмыстар талқыланды.

- Ақ Берел өзенінің қауіпті ағысына, сондай-ақ маршрут бойында орналасқан көпірдің апатты жағдайына байланысты, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаракөл көлінен бастап бұл туристік бағытуақытша жабық. Туристік бағыт ашылғанда міндетті түрде хабарлаймыз, - деп мәлімдеді Катонқарағай ұлттық паркіндегілер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу