KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1,9 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да экотуризм мен ауыл туризмін дамыту көзделген

Шартты сурет

19.12.2022, 15:30 677 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да базалық индустриялық-аграрлық мамандандырумен қатар туризм саласын дамыту да қолға алынған.

Осы мақсатта ШҚО-да Қазақстанның ТОП-50 туристік аймағына енген туризм дестинацияларының төрт векторын дамыту жоспарланып отыр, деп хабарлайды  Altaynews.kz тілшісі.

Бұл векторлар: жылына 800 мың туристке дейін әлеуеті бар Бұқтырма су қоймасының жағажайлары, өзінің ерекше мәдени-танымдық бағытымен танылған Катонқарағай ұлттық паркі (патшалар аңғары - Берел қорғандары), сондай-ақ белсенді қысқы демалысты сүйетіндерге арналған Алтай Альпісі мен Риддер қаласының тау шаңғысы кластері.

Олардан бөлек облыста пантымен емдеу, экологиялық туризм және ауыл туризмін дамыту көзделген.

Жыл басынан бері туристерді орналастыру орындарының құрылысына 5,4 млрд.теңге инвестицияланып, 12 млрд. теңгеге 20 жобаны іске асыру басталды. Атап айтқанда, Бұқтырма су қоймасында 8 демалыс базасы, Өскемен қаласында мен Катонқарағай ауданында 8 туристік нысан салынуда.

Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және жыл сайын кемінде 5% тұрақты өсуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу