KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 4 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

ШҚО әкімі Құрбан айтпен құттықтады

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

16.06.2024, 10:30 325 Назерке Каримова

Қасиетті Құрбан айт – Алла Тағалаға жақындататын, мұсылман жұртшылығының берекесі мен бірлігін паш ететін ұлық мейрам.

Облыс басшысы ұлық мерекемен шығысқазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Құрметті шығысқазақстандықтар! Сіздерді барлық мұсылман қауымы үшін ұлық күн - Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейірімділікке шақыратын ізгі мейрам. Біз - көпұлтты бауырмал елміз. Әр ұлыстың мерекесіне жоғары құрметпен қарайтын бауырмал халықпыз. Нәтижесінде елімізде рухани кемелдік пен бірегейліктің жарқын үлгісі сақталып, жылдан жылға нығая түсуде. Барлықтарыңызды қасиетті мерекемен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға амандық, бақыт пен құт-береке тілеймін! Еліміздің ынтымағы артып, ұлтаралық достығымыз нығая түссін! Ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! - деді Ермек Көшербаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив