KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 2 м/с, З
465.52 498.2 5.45

ШҚО әкімі шығысқазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Фото: mvsdn.sakha.gov.ru

28.06.2023, 09:30 230 ALTAINEWS

28 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев шығысқазақстандықтарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

«Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті күн - Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ізгілік пен қайырымдылыққа, жасампаздық пен мейірімділікке шақыратын қасиетті мейрам. Біз әр кезде жақынына асқан жанашырлықпен қарап, ұлт пен ұлысқа бөлінбей, барлығына бауырмалдық танытып отырған дана халықпыз. Нәтижесінде көпұлтты елімізде рухани кемелдік пен бірегейліктің жарқын үлгісі сақталып келуде. Қасиетті мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, бақыт пен құт-береке тілеймін! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болын!» - деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив