Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады
gov.kz
Бүгін күллі мұсылман үшін қасиетті Құрбан айттың бірінші күні.
Таңғы 6.00-де барлық мешіттерде айт намазы оқылып, артынша құрбан шалына бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлық мерекемен құттықтады.
Президент бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам екенін атап өтті.
- Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр.
- Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз, - деді мемлекет басшысы. - Айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!
Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!
Оқи отырыңыз